Жамбыл облысы Жамбыл ауданында кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік қолдау шаралары өз нәтижесін беріп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын күшейіп, жаңа серпін алуда. Соның айқын дәлелі – 2025 жылы жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында берілген қайтарымсыз гранттар.