Бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды. Активтерді қайтару жөніндегі комитет Арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды. Яғни Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды. Бұдан бөлек табиғи апаттың салдарымен күреске еліміздің ірі бизнесмендер де өз үлесін қосып жатыр. BAQ.KZ тілшісі осы іске атсалысып, қаржы мен көмек бөліскен азаматтар мен компанияларға тоқталып көрді.