Премьер-министр орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін өткен брифингте әлеуметтік салаға қатысты маңызды жаңалық айтты. Оның сөзінше, келер жылғы бюджеттен осы блокқа кететін шығындарды 860 млрд теңгеге азайтпақшы. Айтуына қарағанда, бұл шығысты қысқарту емес, оңтайландыру.