Ұлттық құндылық – қашанда ұмытылмауға тиіс рухани байлық. Осы тұрғыдан алғанда биылғы Ұлттық домбыра күнін Арқалық қаласының жұрты кең көлемде атап өтті. Мерекелік іс-шаралар бір емес, екі күнге созылды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шаралар ұлттық өнердің мәртебесін айшықтады десек, артық айтқанымыз емес. Бағдарламаға қала тұрғындары, өңір қонақтары, өнер ұжымдары мен жас орындау-шылар қатысып, қазақтың дәстүрлі музыка өнері кеңінен насихатталды.