Халықаралық World Obesity Federation ұйымының World Obesity Atlas деректеріне сәйкес, Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы артық салмақ мәселесі алаңдатарлық деңгейге жеткен. 2025 жылғы мәлімет бойынша, елімізде 5-9 жас аралығындағы 492 мың бала және 10-19 жас аралығындағы 715 мың жасөспірім артық салмақ немесе семіздікпен өмір сүріп жатыр. Сарапшылар қазіргі үрдіс өзгермесе, бұл көрсеткіш алдағы жылдары да өсетінін болжайды.