Батыс Қазақстан облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытындағы ауқымды жоба жүзеге аспақ. Өңірде тұңғыш рет қуаттылығы 50 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы басталады. Болашақ энергетикалық нысанның құрылыс алаңында өткен уақыт капсуласын салу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен қытайлық инвестор қатысты.