«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Astana 2026 World Boccia Cup Әлем кубогы жолындағы жарыстың финалдық кезеңі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.