Астанада Парламент Сенаты мен Ұлттық банктің бірлесіп ұйымдастырған ақша-несие саясаты жөніндегі төрт апталық мамандандырылған білім беру курсы аяқталды. Жоба Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың отандық сарапшылар қауымдастығының талдау жасау құзыретін дамыту және заң шығару билігі мен еліміздің бас қаржы реттеушісі арасындағы кәсіби диалогты тереңдету жөніндегі бастамасына орай жүйелі жұмыстың шешуші кезеңі болды.