Қазақстан тарихында Ұлы Отан соғысының отты жылдарында жанқиярлық ерлік көрсеткен тұлғалар аз емес. Солардың бірі – подполковник Кенжебай Мәденов. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен оған (қайтыс болғаннан кейін) «Халық қаһарманы» атағы берілді.