Бүгіннен бастап біз жаңа Конституциямен өмір сүре бастаймыз. Оны бүкіл халқымыз бірлесе әзірлеп, жаппай талқылап, бірге қабылдаған болатын. Бұл – миллиондаған азаматтың арман-аңсарын, еліміздің тарихи тәжірибесі мен болашаққа деген ұмтылысын айшықтаған бірегей жалпыұлттық жоба.