Елімізде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан QAISAR әскери-патриоттық жобасы ерекше мәнге ие. Жоба жастарды батылдыққа, жауапкершілікке, тәртіп пен табандылыққа тәрбиелейтін, елге адал қызмет етуге бағыттайтын маңызды алаң.