«Әділет» партиясында мемлекеттік органдардың, IT бизнестің, қаржы секторының және сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін біріктірген «Цифрлық мемлекет. Тиімді институттар» тақырыбындағы сараптамалық сессия өтті. Қатысушылар цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, мемлекеттік басқару ісін жетілдіру және отандық технологиялық компанияларды қолдау мәселелерін талқылады.