Қазақстан халқы үшін Ұлы Жеңіс күні ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, тарих пен тағдыр тоғысқан қасиетті мереке. Бұл күн бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, өткеннің ауыр сабақтарын еске салады. Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 1,4 миллионнан астам адам аттанып, олардың жартысына жуығы туған жеріне оралмады. Бүгінде сол сұрапыл жылдардың куәгері болған 62 қазақстандық ардагер ғана Жеңістің 81 жылдығын қарсы алып отыр.