Ғали Мырзашев – отандық анимация өнерін дамыту, жүйелеу және қолдау мақсатында көптеген жоба мен бастамаларды көтеріп жүрген жетекші мамандардың бірі. Аниматор түсірген жаңа жоба «Жібек жолы туралы аңыз» мультфильмімен көрермен қауышатын күн де алыс емес. Бүгінде қазақ анимациясына сын көп айтылады. Аниматорлар қандай нәтиже көрсетіп жатыр? Жаңа жобаның айтары қандай? Біз бұл сауалымызды Ғали Мырзашевке қойған едік.