Кейінгі жылдары интернет кеңістігінде өрімдей ұл-қыздардың төбелескені, бір-біріне қысым жасағаны туралы видеолар жиі шығатын болып жүр. Биыл көктемде сондай оқиғалардың бірі Астанада тіркелгені анықталған еді. Бірер жыл бұрын, 2023 жылы Өскеменде 14 қыздың ісі тергеуге жіберілген еді. Олар бір қызды ұрып-соғыпты. Ал бір апта бұрын Түркістанда сыныптасын ұрып-соғып, өліміне себепкер болған оқушыларға сот үкім шығарды.