Олар 18 жасқа толған күні балалар үйінің есігінен үлкен өмірге қадам басады. Бірі жоғары білім алып, қоғамға бейімделіп, өз орнын тауып жатса, ал енді бірі жылдар бойы баспана кезегін күтіп, одан қалса тұрақты жұмысқа орналаса алмай, діңкелеп жүріп тірлік кешеді. Мемлекет олардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдарды жетілдіріп келеді. Алайда ресми деректердің өзі жетім балалардың әлеуметтік бейімделуі мен тұрғын үй мәселесі әлі толық шешілмегенін көрсетеді.