Көңіл дәптерін парақтағанда, алаштану жолында ізденген бізге, бізден кейінгі буынға ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Дихан Қамзабекұлының өнегелі жолы, үлгілі еңбегі қандай екенін пайымдағымыз келеді. Алаштанушы ғалымның қазіргі әдемі өмір белесіне нендей жетістікпен жеткенін көзі қарақты зиялы қауым жақсы біледі.