Сот жүйесін дәйекті түрде жаңғырту – Қазақстандағы мемлекеттік реформалардың басты бағытының бірі. Оның мақсаты заңнаманы жетілдірумен және заманауи технологияларды енгізумен ғана шектелмейді. Ең алдымен, ол азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға бағытталған. Себебі қоғамның сотқа деген сенімі – сот билігі қызметінің тиімділігін айқындайтын басты көрсеткіш, ал оның негізінде судьялардың кәсібилігі, тәуелсіздігі және мінсіз беделі жатыр.