Көзі соқырдан қорықпа, көңілі соқырдан қорық» дейді халық даналығы. Расында, адамды жолдан жаңылдыратын көздің емес, сананың қараңғылығы. Бүгінде айналасына қарап тұрса да ақиқатты көрмейтін, естіп тұрса да өзгенің мұңын сезбейтін жандар аз емес. Осындай терең ойды арқау еткен әйгілі бельгиялық драматург Морис Метерлинктің «Соқырлар» трагедиясы театр сахнасында қойылып, көрерменге терең ой тастады.