Былтыр «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы үшін жаңа белес, жаңа жауапкершілік кезеңі болды. Бұған дейін қазақ тілін дамыту көбіне мәдениет, білім беру, оқу-ағарту саласымен байланысты қарастырылса, бүгінде бұл бағыттың ауқымы әлдеқайда кеңейді. Енді тіл мәселесі ұлттық технологиялық даму, цифрлық қауіпсіздік және дербес ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру ісімен де тікелей сабақтасып отыр.