Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан Халық Кеңесі туралы, астананың мәртебесі және елдің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Конституциялық заңдардың жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Жиынға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев та қатысты.