Henley Passport Index рейтингісі - әлем елдерінің азаматы қанша мемлекетке визасыз бара алатынына қарай есептеледі. Елге визасыз кіруге мүмкіндік болса немесе виза шекарада рәсімделсе, төлқұжатқа бір ұпай беріледі. Ал рейтингте алдын ала виза алу қажет мемлекет есепке алынбайды.