Қазақстанда не көп, көмір көп. 2025 жылы 115,9 млн тонна көмір өндірілген. Бұл алдыңғы жылғыдан 7%-ға артық. Республика көмірдің барланған 33,6 млрд тонна қорына ие. Барланбағаны қаншама? Қазіргі өндіріс қарқынымен бұл қазына елімізге 289 жылға жетеді екен. Осы тасты «қара алтыннан» әлемде 400 түрлі өнім алынады. Сондықтан бұл құнды кенді тиын-тебенге шикізат күйінде шетелге шығара бермей, терең өңдеуге басымдық берілмек. Президенттің бұл тапсырмасын орындау үшін не істеліп жатыр?