Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орда тарихын тануға үндеуі, Жошы хан рөлін айқындауға маңыз беруі, «Қазақстан тарихы» 7 томдығының жазылуына бастамашы болуы – іргетасымызды мықтаудың алғышарттары. Жаңа Конституция преамбуласындағы «Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып» деген жолдардың мәні тереңде жатыр. Бұл концептуалды ой титулды ұлттың мәртебесін айқындап, елдік бірегейлігіміз бен тұтастығымызды мықтайды.