Күні кеше халқымыз тағдыршешті тарихи кезеңге қадам басты. 1 шілдеден бастап Қазақстанның жаңа Конституциясы заңды күшіне енді. Осынау құнды құжат – қоғамдағы көпжылдық диалогтың, саяси жаңғыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Халық өз қолымен қайта толықтырып, түзеткен Ата заң мемлекеттік басқару үлгісін соны соқпаққа бұрып, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының шынайы тұғырнамалық негізін қалады.