Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады. Бұдан бөлек, Кеден кодексіне енгізілген түзетулер мен экология мәселелері жөніндегі заң қабылданып, Қырғызстанмен арадағы екі елдің дипломатиялық өкілдіктеріне қатысты келісім ратификацияланды.