Мектеп – бала өзін әркез қауіпсіз сезінуге тиіс орта. Алайда қазір кейбір оқушылар үшін сынып табалдырығын аттау – күн сайын психологиялық қысыммен бетпе-бет келумен бірдей. Бас прокуратураның дерегінше, 2024 жылы буллингке қатысты 200 жағдай тіркеліп, чат-боттан 1800-ден астам өтініш келіп түскен.