Шығыс Қазақстанның ең көрікті әрі табиғаты қайталанбас өңірлерінің бірі – Марқакөл ауданы бүгінде жаңа даму кезеңіне қадам басты. Мемлекет жүргізіп отырған өңірлік саясаттың басты мақсаты – шалғай ауылдардың әлеуетін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және жергілікті экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету болса, Марқакөл ауданында осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда.