Әлемдік сауда картасы қайта сызылып жатыр. Аумалы-төкпелі геосаяси ахуал Транскаспий транзит жолының маңызын арттырды. Орта дәлізге Еуроодақ миллиардтап қаржы құюға дайын. Қытай да жүк тасымалының бір бөлігін осы бағытқа бұра бастады. Мүдделер тоғысқан мұндай жағдайда Қазақстан батыс пен шығысты жалғайтын логистикалық держава бола ала ма?