Білім жүйесіндегі реформа – қоғамның назарына жиі ілінетін әрі үнемі көзқарастар алуандығына ұшырап, текетіреске түсетін ең түйткілді мәселе. Әсіресе, мектептерде білім беру бағдарламаларының қайта-қайта жаңартылып, сәт сайын өзгеруіне сала мамандарының өздері де ілесе алмай қалып жатады десек болады.