Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру, педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметі туралы заң екінші оқылымда қабылданды.