Астанада Қазақстан экономикасын жаңа деңгейге шығаруы мүмкін маңызды бастама талқыланды. Елде сирек және сирекжер металдары саласын дамытуға арналған ірі ғылыми бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл құжат Қазақстанның тек шикізат экспорттаушы елдер қатарынан шығып, дайын технологиялар мен жоғары қосылған құны бар материалдар өндіретін мемлекетке айналуына жол ашуы мүмкін.