Кейінгі жылдары Алматы қаласы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналып келеді. Сарапшылардың пікірінше, ендігі басты міндет – қаланың табиғи әлеуетін толық пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі кластерін қалыптастыру. Осыған байланысты туризм саласының өкілдері Алматы тау кластерін халықаралық деңгейдегі ірі туристік жоба ретінде дамытуды ұсынады.