Бір ғана темекі тұқылы. Бір ғана ұшқын. Кейде мыңдаған гектар даланы жалынға орау үшін осының өзі жеткілікті. Бұл – әсірелеу емес, жыл сайын қайталанатын шындық. Кейінгі жылдардың статистикасын қарайтын болсақ, тек қана дала өртінен елімізге 2022-2025 жылдары 38,3 миллион теңге шығын келген.