Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында барлық деңгейдегі әкімдердің журналистерді шақырып, шай беруі дәстүрге айналды. Биыл да олар осы дәстүрінен айныған жоқ. Журналистерге сый-сияпат әзірлеу, Құрмет грамоталары мен Алғысхаттар дайындау сияқты қарбаластар көбейіп кетті.