Елімізде кейінгі жылдары құрылыс қарқыны артып, қаншама көпқабатты тұрғын үйлер жарыса бой көтеріп жатыр. Былтыр елімізде 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынған. Ал биыл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады деп болжап отыр. Бірақ апатты жағдайдағы үйлерде өмір сүріп жатқан тұрғындар мәселесі әлі де шешілмей келеді.