Парламент Сенатында еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті. Іс-шарада барлық мүдделі тараптың өкілдері бірыңғай көлік-логистика саясатын қалыптастыру жолындағы бірлескен жұмыс барысын және осы бағыттағы тың тәсілдерді пысықтады.