Алматыда «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы» жылының ресми жабылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің өкілдері, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, сонымен қатар ұйымдағы бақылаушы ел саналатын Түрікменстанның делегациясы қатысты.