Жыл сайын мемлекет білім саласына, мектептерді жаңарту мен мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бюджеттен миллиардтаған қаржы бөледі. Алайда жоғары сынып оқушыларының жаппай ақылы репетитор жалдауы қалыпты жағдайға айналды. Бұл жағдай көкейге: «Мектеп білімі ҰБТ талаптарына сай келмей ме сонда?» – деген сұрақ ұялатады.