Биыл Алматының мәдени күнтізбесіндегі маңызды оқиға – Beu Fest фестивалі бес жылдығын атап өтті. Жаз маусымының шымылдығын түрген жоба Beu FM радиостансасының қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Алматы аспанын әуезді ән мен көтеріңкі көңіл күйге бөлеген Beu Fest биыл да дәстүрден танбай, мыңдаған көрерменін бір алаңға жинады.