Қазақстанда алдағы төрт жылда 5 мың шақырым жаңа теміржол салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2029 жылға дейін қолданыстағы 11 мың шақырым теміржол желісі жаңғыртылады. Бұл жұмыстар елдің транзиттік әлеуетін арттырып, жүк тасымалының өткізу қабілетін кеңейтуге бағытталған.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.