Бүгін, 9 маусым күні сағат 11:51-де 102 пультіне 32-ші шағын ауданда кәрізден 9 айы толып, өмірге келмеген шарана табылғаны туралы шақыру түскен деп хабарлады turkystan.kz. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде, – делінген ПД хабарламасында. Аталған факт ҚР ҚК 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.