Театр және кино актері, Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының әртісі Аян Өтепберген Испанияның Тенерифе аралында өткен X Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалінде «Үздік актер» аталымының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі. Актер Джек Тейлор атындағы жүлдені «Sicko» фильміндегі рөлі үшін иеленді. Фестивальдің қазылар алқасы оның актерлік шеберлігін жоғары бағалап, кейіпкер бейнесін әсерлі …