Алматыда Хэллоуин мерекесі қарсаңында кейбір жүргізушілер көліктерін ерекше әрі қорқынышты етіп безендіре бастады. Қала көшелерінде шанағына «қан» іздері мен алақан таңбалары салынған, жүксалғышынан адамның жасанды аяқ-қолы салбырап тұрған автокөліктер пайда болды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Полиция мұндай безендірудің қауіпті екенін ескертті Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кейбір жүргізушілер Хэллоуинге арналған безендірулерді көліктеріне орнатып, қала көшелерінде жүре …