Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі күні Астанада митиң ұйымдастырған Марат Әбиев 15 тәулікке қамалды. 33 жастағы кәсіпкер үш жүз жігіт елорданың ортасынан өтіп, ауыл шаруашылығын дамытуға назар аудартпақ болғанын алға тартты. Бірақ полиция өткізілген шеруді заңсыз деп таныды.