Қазақстанда кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдарға қазақтың ру-тайпаларының атын беруге заң жүзінде тыйым салу ұсынылды. Бұд бастаманы депутат Аят Сүгірбай Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа жолдаған депутаттық сауалында көтерді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қазақстанда 800-ге жуық ұйым ру атымен аталған Аят Сүгірбай соңғы жылдары елімізде ескерткіш орнату, көшелерге атау беру және оларды өзгерту мәселелері заң жүзінде реттелгенін атап …