Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өткен референдумға қатысты пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Өзгерістер күткен еліміздің азаматтары референдум арқылы өз ерік-жігерін әлемге жария етті. Қатысушылардың 77,18 пайызы жаңарған Конституцияны қолдады. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның референдумды бағалау жөніндегі миссиясының басшысы Тамаш Месерич осынау саяси шараны ұйымдастырушыларға референдум комиссияларының барлық деңгейлерінде тиімді өзара іс-қимыл жасағаны …