Жыл басталғалы елде ұлдарға ең жиі қойылған есім – Алан, ал қыздар арасында Айлин болды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Асылым мен Айлин көш бастады Айлин есімі 3 299 қыз балаға қойылған. Екінші орында Асылым – 2 919. Негізі осы екі есім арасында аз-кем «бәсекелестік» болды. Себебі, екінші жартыжылдықта бауыр еті баласына Асылым деп есім қойғандар көбейді. …