Кувейтте 25 жастағы қазақстандық бортсерік жансақтау бөліміне түсті. Непалдан ұшып келгеннен бортсерік қыздың жағдайы бірнеше күннен соң күрт нашарлаған. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Tizgin.kz. Бортсерік екі күн жансақтау бөлімінде жатып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жағдайы тұрақтанған. Дегенмен бірнеше күн өткен соң денсаулығы қайтадан күрт нашарлап, ауруханаға екінші рет жатқызылған. Экипаждың …