Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель 27 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар осы күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық кеңес президентінің кездесуі жоспарланып отыр.